г. Атырау, ул. Нурсая 42 +7 (7122) 50-83-41 zhas_center@mail.ru

«BASQOSU» жастар форумы

Атырау облсындағы белсенді жастардың басын қосу мақсатында «BASQOSU» жастар форумы ұйымдастырылып, 100 ге жуық жас спорттық сайыстар, фасилитациялық тренингтер, еркін пікір алмасу, мәдени-танымдық бағдарламалар және ойын-сауықтан тұратын шараға қатысты. Аталған форум өңір жастарының бірлігін нығайтып, өзара тәжірибе алмасуға және жаңа таныстықтар орнатуға мүмкіндік берді. Қатысушылар көшбасшылық, командалық жұмыс және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру бағытында тәжірибе жинақтады. Нәтижесінде, жастардың қоғамдық белсенділігі артып, өңірлік деңгейде жаңа бастамаларды бірлесе іске асыруға ынта күшейді.