“Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының “Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) 2013 жылы 2013 жылғы 7 маусымдағы №216 Атырау облысының әкімдігінің қаулысымен құрылды. Орталықта 48 штаттық бірлік, 7 бөлім бар:
4. Ақпараттық талдау және NEET жастармен жұмыс бөлімі;
7. Атырау қаласының жастарымен жұмысты үйлестіру бөлімі;
Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының негізгі мақсаты – өңір жастарын қолдау, олардың әлеуетін дамыту және қоғам өміріне белсенді қатысуына жағдай жасау.
Орталықтың негізгі міндеттері:
- Жастарды жұмысқа тұруға дайындауға, цифрлық сауаттылығын арттыруға, инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу;
- Өтеусіз негізде жастарға психологиялық, консультативтік және заң көмегін көрсету;
- Әртүрлі бағыт бойынша және жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды іске асыру;
- Жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін – өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету;





