Атырау облыстық Жастар ресурстық орталығының негізгі мақсаты - өңір жастарын қолдау, олардың әлеуетін дамыту және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына қолайлы жағдай жасау.
Орталықтың негізгі міндеттері:
Жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, олардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, инновациялық және кәсіпкерлік қызметін дамытуға ықпал ету;
Жастарға психологиялық, консультациялық және құқықтық көмекті тегін негізде көрсету;
Жастардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, түрлі бағыттар бойынша жобалар мен бағдарламаларды іске асыру;
Жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, шығармашылық, зияткерлік және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысу және жастар бастамаларын қолдау.






