г. Атырау, ул. Нурсая 42 +7 (7122) 50-83-41 zhas_center@mail.ru

«АУЫЛ LIFE» екі күндік жастар лагері

18-30 жас аралығындағы қала жастарына арналған «АУЫЛ LIFE» екі күндік жастар лагері өтті. Лагер барысында 50 жас қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын, тұрмысын іс жүзінде меңгеріп, жаңа тәжірибе жинады: жігіттер қой сойып, жіліктеу рәсімін үйренсе, қыздар ұлттық тағам әзірлеудің қыр-сырын меңгеріп, ішек-қарын тазалап, қамыр жайып, сиыр сауып үйренді. Аталған лагерь жастардың ұлттық дәстүрлер мен салт-жоралғыларға деген қызығушылығын арттырып, қазақтың тұрмыс-тіршілігіне құрметпен қарауға тәрбиеледі. Қатысушылар практикалық дағдыларды меңгеріп, ата-баба мұрасын сақтау мен насихаттаудың маңызын түсінді. Нәтижесінде, жастардың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, рухани дүниетанымын кеңейтуіне ықпал етті.